Қостанайда күзетші сот залында өзіне оқ атты

Қостанайда күзетші сот залында өзіне оқ атты © Nslovo.info

Қостанай облысында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері сотта өзін атып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның 11 ақпанда сағат 20.45-те Қостанай №2 сотының ғимаратында болғаны анықталды. "Кезекшілікте тұрған қызметкер табель қаруынан өзін абайсызда атып алды. Оқ оның ішіне тиді. Қазір қызметкер қалалық ауруханада жатыр", - деп хабарлады облыстық соттық баспасөз қызметі өкілдері.

Зардап шеккен адам ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1991 жылғы қызметкері Мейірбек Нұржанов болып шықты. "Қазір барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі анықталу үстінде", - деді ведомство өкілі.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама