Қостанайда нөсер канализациясындағы жанатын су Қазнетті таңғалдырды

Видеодан алынған кадр

Қостанайда нөсер канализациясындағы жанатын су Қазнетті таңғалдырды. Экологтар тексеру үшін судың сынамасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда нөсер канализациясындағы жанатын су Қазнетті таңғалдырды. Экологтар тексеру үшін судың сынамасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде видео тарап, онда адамдар нөсер канализациясынан су алып, оның өртенетінін көрсетеді. Осыған байланысты экологтар Қостанайдағы Назарбаев даңғылындағы Гагарин өткелі астынан сынамалар алып кетті. Желі қолданушылары нөсер кәрізіне мұнай өнімдері түсуі мүмкін деп болжап отыр.

"Бізге қала әкімдігінен шығу тегі түсініксіз бір затты анықтау қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Мамандар оқиға болған жерге шығып, сынамалар алды. Қазір талдау жүріп жатыр, сәрсенбіде заттың құрамы белгілі болады", - деп хабарлады Қостанай облысы экология департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Елеусінов.

Реклама
Реклама

Оқиға Қостанай облысының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды. Қазір зертхана қаланың барлық кәрізінен, сондай-ақ Тобыл өзенінің жоғары және төменгі ағысынан сынамалар алып жатыр. Сондай-ақ, мамандар "Текстильщик-1" саяжай қоғамынан су сынамаларын алды, бұған дейін ол жердің тұрғындары еріген су оларға полигоннан келе жатқанына алаңдаушылығын айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама