ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2019 | 09:26
Қостанайда оқушы қыздарды мектеп маңында көлік қағып кетті
Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан, - деп хабарлайды "Наша Газета".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан, - деп хабарлайды "Наша Газета".
Бұл оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды.
"Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған жоқ. Полиция қызметкерлері одан оқиғанынң мән-жайын сұрастырып жатыр", - деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған.
Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған.
Показать комментарии
Читайте также