25 мамыр 2021 | 20:18

Қостанайда оқушы соңғы қоңыраудан кейін қайтыс болды

Қостанайда бүгін соңғы қоңыраудан кейін №29 мектептің 15 жастағы оқушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда бүгін соңғы қоңыраудан кейін №29 мектептің 15 жастағы оқушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Аэрапорт шағын ауданындағы Тарелочка көлінде болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сағат 10.30-да жедел жәрдем оқиға орнына жеткен. Сүңгуірлер оқушыны судан алып шаққаннан кейін дәрігерлер реанимация шараларын жасаған.

"Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға секірген кезде мойнын жарақаттап алған. Өкпесінде су аз болды", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Білім басқармасындағылар қаза тапқан оқуышының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы өкілдері осындай қайғылы оқиғалар қайталанбауы үшін жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная