1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қостанайда питбуль әйелге шабуыл жасады: оқиға видеоға түсіп қалған

Қостанайда питбуль әйелге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: Pixabay

Қостанайда питбуль әйелге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі қостанайлық "Наша газета"-парақшасында қолданушылар үндеуі мен иттің қала тұрғынына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланды.

"26 қарашада Молодежи бульварына жақын маңдағы мәдениет сарайы ауданында сағат 17:28-де ит адамға шабуыл жасады. Тұмылдырығы жоқ питбуль серуендеп бара жатқан әйелге жүгірген. Алдымен ол әйелдің жанындағы итке атылған, содан кейін әйелге ауысып, екі аяғын кезекпен талап тастаған", - делінген басылым парақшасында.

Басылым мәліметіне сүйенсек, питбульдің иесі итін қуып жетіп, әйелден ажыратып алып, жәбірленушіге назар аудармай әрі қарай серуендеп кеткен. Сағат 18:15-те әйелді оқиға куәгерлері жедел жәрдем пунктіне алып келген.

Басылым авторлары қазіргі уақытта арыз жазып, құқық қорғау органдарында іс қозғалғанын хабарлады.

Ит Пират есімді ақ питбуль екені белгілі. Қожайыны туралы - ол 25-27 жас шамасындағы қара күртеше киген ер адам.

Жәбірленушілер оқиғаға кінәліні іздестіріп жатыр, ол туралы білетіндер болса, 8 705 962 61 81 нөміріне хабарласу сұралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!