Қостанайда полицейге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Мейірман Лес Корреспондент
Қостанайда полицейге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды видео кадры

Қостанайда көпқабатты үйдің ауласында мас күйдегі үш ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанайда көпқабатты үйдің ауласында мас күйдегі үш ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Реклама
Реклама

Ресми мәлімет бойынша, полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта болып, кәмелетке толмаған балаларын ертіп жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған құқық бұзушыларға ескерту жасаған. Ескерту алған үш адам ашуланып, құқық қорғау органы қызметкеріне тап берген. Олар полицейді жерге құлағаннан кейін де ұрып-соғуды жалғастырған.

Полиция департаменті шабуыл жасағандардың барлығы анықталып, оқиға орнында ұсталғанын хабарлады. Билік өкіліне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Полиция қызметкеріне қол сұғу - заңды тікелей бұзу болып табылатынын атап өтеміз. Мұндай әрекеттер қатаң әрі ешқандай ымырасыз тоқтатылады. Әр кінәлі тұлға толық көлемде жауапкершілікке тартылады", - деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Зардап шеккен полицей амбулаторлық ем алып жатыр. Оқиға салдарынан балалар зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама