29 желтоқсан 2021 | 13:45

Қостанайда пойыз теміржол өткелінде көлікті соғып өтті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қостанайдағы теміржол өткелінде пойыз автокөлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдағы теміржол өткелінде пойыз автокөлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміржол өткеліндегі апат қала ішінде, мамандандырылған ХҚКО маңында болған. Жолаушылар поезы автокөлікпен соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"10.00 шамасында "102" пультіне ХҚКО ауданындағы теміржол өткелінде пойыз бен Chevrolet автокөлігі соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі ХҚКО ауданындағы Карбышев көшесінен келе жатып, теміржол өткеліне шығып кетіп, Нұр-Сұлтан - Орал жолаушылар пойызымен соқтығысқанын анықтады. Пойыз Рудный қаласы бағытында теміржол бойымен келе жатқан", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

"1981 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

 

Оның жағдайы ауыр екені, жансақтауда жатқаны белгілі болды. Қандағы алкоголді анықтау үшін талдау алынған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная