11 мамыр 2022 18:16

Қостанайда прокурор өзіне қол жұмсады

Фото:gov.kz

Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, оқиға 5 мамырда болған. 

"Қостанай ауданы аумағындағы орманнан Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Дархан Бисахаловтың денесі табылды. 28 жастағы прокурор асылып қалған", - деп жазды басылым.

Реклама
Реклама

Прокурордың артында әйелі мен кішкентай қызы қалған. 

"Прокурордың суицид жасау дерегі соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, іспен Қостанай ауданының полиция бөлімі айналысады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деді прокуратура өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram