10 маусым 2022 | 11:18

Қостанайда саунаға келген әйелдер төбелес шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Желіде Қостанайда болған төбелестің видеосы тарады. Қаладағы сауналардың бірінің алдында әйелдер жанжал шығарған, - деп хабарлайды "Алау".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қостанайда болған төбелестің видеосы тарады. Қаладағы сауналардың бірінің алдында әйелдер жанжал шығарған, - деп хабарлайды "Алау".

Әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қолданушылар қызу пікір білдіріп жатқан видео кадрларынан ғимарат ауласында үш әйел төбелесі қалай басталғанын көруге болады. Кейін ғимарттан шыққан ер адам жанжалға араласады. Ол көшеде төбелесіп жатқан екі әйелдің бірін бетінен ұрып, кейін екінші әйелді соғады, ол тізерлеп отырып қалғанда басынан тебеді. Соққыға шыдамаған әйел жерге құлайды.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, төбелеске не себеп болғаны бегісіз. Жәбірленуші сауна әкімшісі, ал оның қарсыластары мекеме клиенттері екені белгілі болды. Облыстық Полиция департаменті мәліметі бйынша, осы факт бойынша Оңтүстік полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная