19 желтоқсан 2024 | 09:27

Қостанайда шақыртуға барған жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қостанайда жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймұрзина шақырту кезінде соққыға жығылды. Медицина қызметкері ауруханадан бірақ шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймұрзина шақырту кезінде соққыға жығылды. Медицина қызметкері ауруханадан бірақ шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Фельдшердің айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ентігу мен жүрекке байланысты шағым айтқан тұрғыннан шақырту түскен.

"Біз шақырту түскен мекенжайға келдік. Бізді бірден агрессивті түрде қарсы алды. Өз жұмысымызды бастап, алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Бірақ науқастың қыздары бізге кедергі жасап, егер бірдеңе істесек, бізді қарғайтынын, түрмеге отырғызатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетті. Кейін науқастың тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтады, біз реанимациялық шаралар жүргізе бастадық. 30 минут бойы тырысқанымызбен реанимациялық шарадан нәтиже болмады. Біз көңіл айттық. Сол сәтте олар маған тап беріп, тепкілеп, шашымнан тартып, ұра бастады. Екінші фельдшер мен жүргізуші мені олардан қорғауға тырысты", - деді фельдшер.

Реклама
Реклама

Жедел жәрдем жүргізушісі қарсы пәтерге жүгіріп, көршілерден полиция шақыруды өтінген.

"Осы уақыт аралығында мені шашымнан тартып, соққыға жықты. Кейін көршінің өзі көмекке келіп, мені сол әйелдің қолынан құтқарып қалды", - деді фельдшер Әнел Баймұрзина.

Фельдшердің айтуынша, оның миы шайқалып, самайында гематома пайда болып, бетінде түрлі жарақат алған. Қыз ауруханаға жатқызылып, артынша полицияға шағым түсірген.

"Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде үй иелері мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал болғаны анықталды, сол жанжал барысында 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерге дене жарақатын салған", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД.

Полиция тергеу бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная