11 желтоқсан 2023 15:13

Қостанайдағы төтенше жағдай: бір адам өлі табылды

Қостанайда ғимарат құлаған жерде жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда ғимарат құлаған жерде жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанай маңындағы Амангелді ауданында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан бір қабатты ғимараттың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Реклама
Реклама

"Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі адам үйінді астынан шығарылды, тағы бір ер адам өлі табылды, оның жеке басы анықталып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, төтенше жағдай 11 желтоқсанда сағат 12:36 шамасында Энергетиков көшесінде болған. Ғимараттың опырылуы салдарынан үйінді астында 7 адам қалғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram