ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2023 | 12:01
Қостанайдың экс-әкімінен тәркіленген мейрамхана тағы да аукционға қойылды
Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мейрамханасы қайтадан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мейрамханасы қайтадан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.
Тәркіленген "Алтын-Саф" кешені электрон сауда алаңына сатылымға шығарылды. Алдыңғы аукциондар сәтсіз аяқталған, жалпы ауданы 1558,4 шаршы метр болатын ғимаратты сатып алуға ниет білдірген сатып алушылар табылмады.
Мейрамхананың бастапқы бағасы – 805 миллион 529 мың теңге. Биылғы қазанда учаскені бағалау жүргізілді. 17 қарашада аукцион өтеді.
"Нысан Екатеринбург-Алматы тасжолының бойында орналасқан. Учаскеде кафесі бар демалыс орны, от жағатын бөлім және кеңейтілген нысан бар. Ғимарат 2014 жылы салынған", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов 2016 жылдың сәуірінде 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.
Кейінірек сотталушы сот шешіміне шағымданып, оның мерзімі 7 жыл 6 айға дейін қысқарды. Алайда көп ұзамай Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты Ахметжанов рақымшылыққа ілікті. Жаза 4 жыл 10 айға және 23 күнге дейін қысқартылды. 2019 жылдың сәуірінде Қостанай облыстық сотының алқасы Ахметжановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады, өйткені ол тағайындалған жазаның негізгі бөлігін өтеп, барлық талаптарды өтеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также