14 ақпан 2022 | 17:51

Қостанайлық полицей 8 минут ішінде ер адамды мұз қатқан құдықтан шығарып алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Қостанайда полиция қызметкері құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда полиция қызметкері құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының Михайловка ауылында құтқару операциясы жүргізілді. Учаскелік инспектор Талғат Қаймусин жергілікті тұрғындармен бірге құдыққа құлап кеткен Алексей Цыгановты шығарып алған. Бұл оқиға түнде болған. Ауыл тұрғыны су әкелуге бара жатқан полицейдің алдынан жүгіріп шығып, ер адам құдаққа құлап кеткенін айтқан.

Сурет ©Tengrinews.kz 

Реклама
Реклама

"Құдық өте терең, 15 метр болды. Шұғыл әрекет етіп, оны шығаруға тырыстық. Ол суда болғасын, тоңуы мүмкін еді. Бірден сымарқан лақтырдық, бірақ ол үзіліп кетті. Кейін тағы да сымарқан лақтырып, өзін орауды сұрадық", - деді учаскелік полиция инспекторы Талғат Қаймусин.

Ауыл тұрғыны Евгений Одиноков арқан әкелуге кеткенде, полицей құдыққа құлаған адамды ұстап тұрған. Жәбірленушіні қайта жоғарыға тарта бастаған, бірақ екі адамның күші жетпеген. Көршілерге қоңырау шалып, көмек сұрауға тура келген. Сөйтіп, төртеуі оны құдықтан шығарып алған. Құтқару операциясы шамамен 8 минутқа созылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная