ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 маусым 2020 13:05
Кран жүргізушісі Алматыда жанып жатқан ғимараттың шатырынан ер адамды құтқарды
Алматыда салынып бітпеген мектептің жанып жатқан ғимаратының төбесінде қалып қойған ер адамды құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда салынып бітпеген мектептің жанып жатқан ғимаратының төбесінде қалып қойған ер адамды құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-дағы @kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. Кадрларда жанып жатқан салынып бітпеген мектеп ғимараты мен одан шығып жатқан қара түстін көрінеді. Шатырда адам бар екенін аңғаруға болады. Оны құтқарудың жалғыз жолы - құрылыс кранының көмегімен түсу.
Қауіп алаңында қалып қойған адамға түсуге кран жүргізушісі көмектеседі.
"Қатты жанып жатыр", - дейді кадр сыртындағы адам.
ТЖД баспасөз қызметі қазір ведомство оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
Еске салайық, өрт 3 маусымда болған. Газ баллоны жарылғаны анықталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу