Куәгерлер Алматы - Қапшағай тас жолындағы ірі жол апатын видеоға түсіріп алды

Куәгерлер Алматы - Қапшағай тас жолындағы ірі жол апатын видеоға түсіріп алды Видео кадры

Алматы - Қапшағай тас жолындағы ірі жол апатын куәгерлер видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алматыға шамамен 40 шақырым жетпей болған. Кадрлардан жол апатынан бірнеше көліктің бүлінгенін байқауға болады. "Ірі жол апаты жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан қозғалыс бір ғана жолақпен жүріп жатқан аумақта болды. Бұл жер бетон қоршаумен бөлінбеген. Көліктердің бірінше ресейлік номер тұр. ТЖ орнына арнайы техника келді, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді куәгер.  

Реклама
Реклама

Видео 18.51-де түсіріліпті. Жол апатының салдарынан кептеліс пайда болған. Куәгерлердің айтуынша, екі көлік бетпе-бет соғысқан. Олардың бірі жүк көлігін озу барысында өз жолағына оралып үлгермеген делінеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама