ПОДЕЛИТЬСЯ
10 желтоқсан 2021 | 09:01
Күдіктінің жауап алу кезіндегі өлімі: Шымкент әкімі пікір білдірді
Шымкентте күдікті жауап алу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте күдікті жауап алу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 2021 жылдың 8 желтоқсанында сағат 17.00-де жауап алу кезінде бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікке ілінген 1990 жылы туған ер адамның жағдайы нашарлаған. Оған жедел жәрдем шақырылғанымен, ер адам дәрігерлер келгенше есінен танып, қайтыс болған.
КТК телеарнасы мәліметіне сүйенсек, марқұмның туыстары мен адвокаттар физикалық тұрғыдан мықты, дені сау жас жігіттің өлімі кездейсоқ емес екеніне сенімді. Оның үстіне, екінші тұтқындалған адам соққыға жығылып, миы шайқалған.
Марқұмның әкесі баласының тосыннан қайтыс болғанына сенбейді. Ол спортпен шұғылданып, денсаулығына ешқашан шағымданбаған. Ол баласын полицейлер соққыға жыққан деп санайды.
"Маңдайы, құлағы, еріні жырылған. Мойынның бәрі көгерген, екі аяқтың арасында жарқаттар бар. Ал қолдары - темірмен ұрған сияқты. Денесінің барлық жерінде сызаттар бар. Полицияға сау келіп, мәйітті шықса, оны басқа кім ұруы мүмкін?" – деді марқұмның әкесі Ерқара Жұмабаев.
Марқұмның әкесі жалдаған адвокат қамауға алу кезінде көп заңсыздықтарды байқаған.
"Менің түсінігімше, үш сағаттан аса уақыттан бері ол Шымкент қаласының полиция бөлімінде заңсыз қамауда болған. Адвокаты қайда болды? Сұрақ. Қалай болғанда да, тіпті оны тергеушіге де апармаған. Неге? Оны арнайы жасақ неге ұстады? Не, ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ме? Мен бұған қатты күмәнданамын. Неге оны қарапайым азамат ретінде шақыру қағазымен шақырмаған?" – дейді заңгер Талғат Есімов.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, іс бақылауға алынған. Ішкі істер министрлігі жігіттің өлімінің себебі бойынша сараптама жүргізіп, қорытынды беретін комиссия жіберген.
Сондай-ақ, әкім Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық атқару жүйесі орындарына бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также