08 шілде 2021 | 09:51

"Құлдыққа түсті ме деп алаңдаймыз". Қазақстанда өзбек әйелі жоғалып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Өзбекстан азаматы 39 жастағы Мехрибонби Юльчиева Қазақстанда жоғалып кетті. Әйелдің туыстары бір жылдан бері онымен байланысқа шыға алмаған және құлдыққа түсті ме деп алаңдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан азаматы 39 жастағы Мехрибонби Юльчиева Қазақстанда жоғалып кетті. Әйелдің туыстары бір жылдан бері онымен байланысқа шыға алмаған және құлдыққа түсті ме деп алаңдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мехрибонби Юльчиева бірнеше жыл Алматыда тұрып, жұмыс істеген. Әйел беті көгерген және тістері сынған суреттерін жіберіп тұрған. Бірақ 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап хабарсыз кеткен. Бұл туралы оның Өзбекстанда тұратын туысы Дильмурод Исматалиев айтты.

"Біз оны кім ұрғанын білмейміз. Біреудің тұтқынына түсті ме деп қорқамыз. Қазақстанға баруға мүмкіндігіміз жоқ. Одан хабар келеді деп күттік, бірақ келмеді. Наманган облысы Чуст ауданының полиция бөліміне, аудандық прокуратураға, ел Президентінің аппаратына, құқық қорғау ұйымына хат жаздық. Бұл өтініштердің барлығы ақпанда жіберілді. Наурыз айында Чуст АІІБ тергеушісі келіп, оқиғаны бастан-аяқ жазып, құжаттарын рәсімдеп, Ташкенттегі Қазақстан елшілігіне тапсыратынын айтты", - деді жоғалған адамның туысы Дильмурод Исматалиев.

Реклама
Реклама

Ол Алматыдағы таныстарынан Қазақстан полициясына арыз жазуды өтінген. Бірақ оны жоғалған адамның туыстары ғана бере алады.

Полицияның Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, мұндай жағдайларда өтініш беру процедурасы мынадай болады: алдымен туыстары өз еліндегі елшілікке жүгінуі керек. Кейін Өзбекстан елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне үндеу жолдайды. Кейін ғана ведомство істі органдарға жібереді. Алматы Полиция департаментіне әлі арыз түспеген.

Қазақстан СІМ мәліметіне сүйенсек, жоғалған әйел туралы хаттар келмеген.

Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне де жүгініп, істі қазақстандық органдарға беруді сұрады. Олардың айтуынша, кейінірек деректер берілген.

Айта кетейік, жоғалған әйелдің туыстары биыл ақпанда журналистерге жүгінген. Әйел құлдықта болуы мүмкін деген күдікпен, оған зиян тигізбеу үшін мақаланы мерзімінен бұрын жарияламау туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная