Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп кетті

12 қарашада сағат 21.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Құлжа тасжолыны4 27-шақырымында көлік жуу орны өртенді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті сағат 22:49-да сөндірді.

"Өртсөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан Есік орталық аудандық ауруханасына ІІ дәрежелі термиялық күйікпен 1982 жылы туған әйел жеткізілді. Күйік орны - 30 пайыз, жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 1996 жылы туған ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Денесінің күйік шалған жері - 30 пайыз. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама