ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 мамыр 2025 10:00
Құлсарыдағы жарылыс: қаза тапқандар кімдер екені белгілі болды
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті Instagram парақшалардың мәліметінше, марқұмдар жанармай құю бекетінің қызметкерлері болған. Жарылыс кезінде олар ауысымда болған.
30 мамырда кешке 18:45 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қайтыс болған.
Жарылысқа байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу