ПОДЕЛИТЬСЯ
25 желтоқсан 2020 | 08:39
Курсанттың өлімі. Қазақстандық ата-аналар үн қосты
Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған. Оның анасы "Уральская неделя" газетіне қаза туралы ақпарат шыққаннан кейін басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған. Оның анасы "Уральская неделя" газетіне қаза туралы ақпарат шыққаннан кейін басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, Саламат Өтегеновтің анасына басқа курсанттардың ата-аналары оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері барын айтқан.
"Ұлым туралы материал шыққаннан кейін маған WhatsApp желісіне ІІМ академиясынан тағы екі ата-ана жазды. Олар дәл қайсы академияда оқитынын айтқан жоқ, бірақ біреуі ұлы "қысым жасалғаннан кейін ІІМ академиясынан кеткенін" жазған. Екінші ата-ана баласы оқитын академияда ақша жиналатынын айтты ", - дейді Бекзат Иманғалиева.
Басылымның хабарына қарағанда, әйелге хат жазған ата-аналар аты-жөнін жарияламауды және журналистермен сұхбаттасқысы келмейтінін айтқан.
Саламат Өтегенов. © uralskweek.kz
Еске салайық, Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылған болатын. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған. Сол күн ІІМ академиясындағылар Саламаттың ата-анасына қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. 15 желтоқсанда Саламаттың денесі Оралға жеткізілді. 16 желтоқсанда Саламат Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді. Журналистер Саламат Өтегеновтің анасымен сөйлескен еді. Бекзат Иманғалиева отбасындағы қиындықтар туралы айтып берді. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған, оның ішінде қысқы сессияны тапсыруға 80 мың теңге де сұраған кездер болыпты.
Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қаза болуына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның барысында қаза тапқан курсанттың туыстары баяндаған барлық дәлел тексерілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау болмағаны үшін академия басшысы Өмербай Смайылов қызметінен босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также