21 қыркүйек 2020 16:19

Құс тұмауы: қазақстандық шаруаларға шамамен 400 миллион теңге өтемақы төленеді

Фото: АШМ баспасөз қызметі

Құстары қырылған фермерлерге 390 миллион теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құстары қырылған фермерлерге 390 миллион теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Республикалық эпизоотияға қарсы отряд қырылған құстарға байланысты өтемақы төлеуді жүзеге асыратын ресми ұйым болып саналады. Жыл бойы барлық әкімдікте арнайы құрылған комиссия жұмыс істейді. Олар өлген малдың немесе құстың нарықтағы орташа бағасын анықтайды", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Министрлік өкілі құс тұмауының қалай тарағанын айтты

Оның айтуынша, әкімдіктердің шешімі негізінде республикалық эпизоотиялық отряд өңірдің ветеринариялық қызметінен барлық қажетті материалды қабылдайды. Құс етінің нарықтағы орташа бағасын ескеріледі. Осының негізінде құсы өлген әрбір тұрғының жеке шотына төлем жасалынады.

"Егер құжаттар дұрыс толтырылса, онда төлем 3 күннің ішінде түседі. Бүгінгі таңда республикалық эпизоотияға қарсы жасақта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұл ақща қырылған құстардың иелеріне өтемақы ретінде төленеді", - деді вице-министр.

Құс тұмауы адамға жұқпайды, коронавируспен байланысы жоқ - Сұлтанғазиев

Айта кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құстардың жаппай қырылып жатқаны хабарланған еді. Ал 17 қыркүйектегі өңірдегі 10 елді мекен карантинге жабылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram