11 қараша 2020 09:25

Құстарды соққан. Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

© Тұрар Қазанғапов

SСAT әуекомпаниясының Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құстарды соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

SСAT әуекомпаниясының Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құстарды соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолаушылардың бірі түсірген видеода ұшақта отырғандар арасында дүрбелең болып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Біз өртеніп жатырмыз, иә? Қатты қорқамын", - дейді видеода жолаушылардың бірі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң 10 қараша сағат 23.17-де аман-есен қонғанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06? (@atyrauoil.official) 10 Ноя 2020 в 11:05 PST

Ал SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсті орындау кезінде ұшақтың құстармен соқтығысып қалғанын айтты.

Сондықтан, ведомство мәліметінше, әуе кемесінің командирі Иван Карпович әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Қону тұрақты режимде өтті.

Ұшақта 115 жолаушы болғаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram