22 наурыз 2022 15:16

Құтқарушылар Қытайда апатқа ұшыраған Boeing жолаушыларының денесін таппады - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: Reuters

Құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 апатқа ұшырағаннан кейін әлі де тірі қалғандарды немесе жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денесін таппады. Бұл туралы құтқарушылардың деректеріне сүйеніп, Қытайдың орталық телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құтқарушылардың мәліметінше, қазір оқиға орнында құлаған ұшақтың сынықтары табылды, бірақ хабар-ошарсыз кеткендер әлі табылмады", - деді телеарна қызметкері.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, таулы аймақ іздеу жұмыстарына қиындық тудыратыны айтылды.

Реклама
Реклама

Global Times басылымы ұшақ құлаған жерде өртенген жеке куәліктер, әмияндар және басқа да жолаушылардың заттары табылғанын жазды.

Мәліметтер бойынша, Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында қазақстандықтар болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram