ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2021 | 13:14
"Құтқарушылар темірді кесті". 4 жасар қыз қоршауға басымен қысылып қалды
Қарағанды облысы Приозерск қаласында 4 жасар қыз темір қоршауға басымен қысылып қалды. Баланы шығарып алу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысы Приозерск қаласында 4 жасар қыз темір қоршауға басымен қысылып қалды. Баланы шығарып алу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Приозерск қаласында 4 жастағы бала ойнап жүріп темір қоршауға басымен қысылып қалған. Ол темір қоршаудан өз еркімен шыға алмаған. Кейін куәгерлер оқиға орнына құтқарушыларды шақырған. Баланы құтқару операциясы Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерінің видеожетонына түсірілген.
"Шақыртуға Қарағанды облысы ТЖД № 15 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндіруші-құтқарушылары жіберілді. Олар темірді кесіп, баланы құтқару үшін гидравликалық құралды қолдануға мәжбүр болды. Қыз зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмауға шақырады.
"Балаларға қараңғы жерлерде, полигондарда, далада, теміржол жанында, автожолда, қираған ғимараттарда ойнамау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын үнемі еске салу керек. Сондай-ақ, оларға электр және газ құрылғылары, отпен ойнамауды және бейтаныс жерлерде шомылмауды еске салу керек", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также