“Қымбаттым, несие алып берші“: Өскеменде бұрынғы сүйіктісі қызды алдап кеткен

Фото:depositphotos.com

Өскеменнің 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына ілтеме жасап.

Өскеменнің 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына ілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған.

"Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңге болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама