03 наурыз 2014 17:45

Қытайлықтар киік мүйіздерін заңсыз әкетпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Wordpress.com ©Wordpress.com

Қазақ-қытай шекарасында 17 дана киік мүйізі мен қасқыр терісін жасырын әкетіп бара жатқан екі қытайлық қолға түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметі мамандарына сілтеме жасап. Қытай азаматтарын Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отрядына қарасты "Майқапшағай" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары ұстаған. "Аталған заттарды олар Семей - Үрімші бағытындағы автобус арқылы алып өтпек болған", - дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Қырағы шекарашылар бұл деректі құқық қорғау органдарына хабарлады. Материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес, Зайсан аудандық прокуратурасына берілді. Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының прокурорлары өңірде киік ату деректерінің жиілеп тұрғанын хабарлаған болатын. Қаңтар айының алғашқы 15 күні ішінде 20 бас киіктің өлі денесі табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети