ПОДЕЛИТЬСЯ
15 желтоқсан 2020 | 16:05
"Қыздардың бетінен ұрған". Маңғыстауда жаттықтырушының әрекеті видеоға түсіп қалды
Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Inaktau.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Inaktau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жаттықтырушы Жаңаөзен командасының спортшыларына дөрекілік көрсеткен.
Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы бұл оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтты. Спорт нысанының аумағында волейболдан жарыс өткізілген, оған Жаңаөзен командасы қатысты.
"Менің қызым басқа командада ойнайды. Жарыс кезінде олар Жаңаөзен командасының бапкері өз шәкірттерін қалай ұрғанын көріп, оны видеоға түсірді", - деді спортшының анасы.
Cондай-ақ, жаттықтырушының мұның видеоға түсіріліп жатқанын байқап, ешқайда жарияламауды сұрағаны айтылады.
Tenginews.kz редакциясы құзыретті органдарға сауал жолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также