Қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзені жұртты таңғалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған

Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялғанына таңғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялғанына таңғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы kris.p.almaty.official тобында пайда болды. Бұл видео Сайран көлі маңында түсірілген деген болжам бар және химиялық заттар әсерінен судың түсі өзгеруі мүмкін.

Алматы әкімдігі мәліметінше, Жасыл экономика басқармасы мамандары экологиялық полициямен бірге оқиға орнына барған. Мамандар өзендегі су таза екенін, бірақ сонда да зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

Әкімдік қызметкерлері өзеннің төменгі жағынан қызыл су аққан іздерді анықтаған. Жасыл экономика басқармасы өкілінің айтуынша, судың қызыл түске боялуы Райымбек даңғылымен қиылысатын маңайда байқалады.

Ведомство біреу белгісіз затты өзенге ағызған болуы мүмкін деп болжады. Кінәлілерді экологиялық полиция анықтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама