Желіде балабақшадағы жантүршігерлік оқиға түсірілген видео тарағаннан кейін Қызылорда қалалық білім бөлімінде тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде балабақшадағы жантүршігерлік оқиға түсірілген видео тарағаннан кейін Қызылорда қалалық білім бөлімінде тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді ұрып-соққаны көрінеді. Сөйтсек, бұл оқиға қаладағы №3 мектеп-лицейінің маңында орналасқан "Бибіжар Ана" жекеменшік балабақшасында болған екен.
Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанат Мұхаметқалиеваның айтуынша, видеода баланы ұрып-соққан әйел жұмыстан шығыпты.
"Бұл оқиғаның қашан болғаны әзірше белгісіз. Біз енді ғана осы мәселемен айналысып жатырмыз. Балабақша жетекшісі тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын айтты", - деді Мұхаметқалиева.