05 сәуір 2023 | 17:59

Қызылорда мектебінде жоғары сынып оқушысы пышақ жарақатын алды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қызылордада қала мектептерінің бірінің 11-сынып оқушысы параллель сынып оқушысын пышақтап тастады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оған үйіне қайтуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада қала мектептерінің бірінің 11-сынып оқушысы параллель сынып оқушысын пышақтап тастады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оған үйіне қайтуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 4 сәуірде болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі екіншісін пышақтап кеткен.

Реклама
Реклама

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы мәліметінше, оқушы барлық қажетті тексерулерден өткен.

"Ол иық, кеуде және жамбас тұсынан пышақ жарақатын алған. Жаралары қаралып, содан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді аурухана дәрігері.

Бұл оқиғаға қалалық білім бөлімі де пікір білдірді.

"Айқын пышақ жарақаты болмағанын айта кету керек, өйткені металл затпен жеңіл жарақаттар алған. Осыған байланысты қалалық білім бөлімінен жұмыс тобы құрылды. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл іске кінәлілер тәртіптік жазаға тартылады", - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Самат Күнхожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная