Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді

Дина Шарипханова Корреспондент
24.kz

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6,5 келі сәби босанды. Бұл өңірдегі орташа көрсеткіштен екі есе артық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6,5 келі сәби босанды. Бұл өңірдегі орташа көрсеткіштен екі есе артық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, босану процесі қиын өткен. Нәрестеге реанимациялық көмек пен қосымша ем қажет болған. Оның жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық бөлімінің мамандары бақылап отыр. Қазір ана мен баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Балаға Қуанышбек деп ат қойған.

"Бастапқыда мені патология бөлімшесіне жатқызды. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде нәрестенің өте ірі екені анықталды. Дәрігерлер кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады. Операция сәтті өтті. Жағдайымыз жақсы", – деді босанған әйел.

Реклама
Реклама

"Баланы әрі қарай қарқынды терапия бөлімшесінде емдеуді жалғастырамыз. Қазір ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бізде бұған дейін де салмағы алты және одан да көп болатын алып сәбилер дүниеге келген. Мұның бәрі ата-ананың гені мен физиологиясына байланысты", – дейді акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Еранова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама