Қызылорда облысында газ баллон тиелген жүк көлігі жарылып кете жаздаған

Қызылорда облысында газ баллон тиелген жүк көлігі жарылып кете жаздаған ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысында өртсөндірушілер өрт кезінде жарылыстың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында өртсөндірушілер өрт кезінде жарылыстың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

112 пультіне Арал ауданы Қызылорда - Шымкент тасжолында жүк көлігінің тіркемесі өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру есептоптары өртті аз уақытта оқшаулаған.

"Тіркеме ішіндегі 50 литрлік бес газ баллон ерекше қауіп төндірді. Жоғары температурада олар кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. Өртсөндірушілер баллондарды өрт болған жерден тез шығарып, сумен салқындатты", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт толығымен ауыздықталған.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама