ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қаңтар 2025 09:44
Қызылорда облысында жол талғамайтын көліктен қару мен рациялар табылды
19 киік жануарын тасымалдаған төрт қызылордалық құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында тіркелмеген қару, прожектор, 2 дана PUXING үлгідегі рациялары, арқан жіп табты. Автокөлік тіркемесіне қарап-тексеру барысында, 19 дана киік жануарының өлі денелері анықталды", - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу