Қызылорда облысында вагондар жолдан шығып кетті
Қызылорда облысындағы Қазалы - Сексеуіл теміржол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысындағы Қазалы - Сексеуіл теміржол учаскесінде жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерге қалыпқа келтіру пойыздары шұғыл түрде жетіп, мамандар жұмыс істеді. Қозғалысты қалыпқа келтіріп, пойыздардың ұзақ тұрып қалмауы үшін тиісті шұғыл шаралардың барлығы қолға алынды.
"Уақытында атқарылған шаралардың арқасында қозғалыс жылдам қалыпқа келтірілді. Жөндеу жұмыстарына байланысты мына жолаушы пойыздары уақытынан кешіктірілді:
№ 378 Маңғышлақ - Алматы;
№ 481 Ташкент - Самара;
№ 618 Астана - Қызылорда.
Бұл пойыздардың келу уақытын вокзалдан білуге болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.