Қызылорда облысындағы жаппай төбелестен бір адам зардап шекті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қызылорда облысындағы жаппай төбелестен бір адам зардап шекті Видеодан алынған кадр

1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жаппай төбелесте 26 жастағы жігіт зардап шекті. Ол кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қаңтарда ауруханаға төбелестен зардап шеккен жігіт түскені белгілі болды. Ол хирургиялық бөлімге жатқызылған.

"Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Операция қажет емес. Қажет барлық емді алып жатыр", - деді аурухананың бас дәрігері Бақыт Әлішева.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Қызылорда облысындағы төбелес видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатырғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама