13 маусым 2023 17:47

Қызылорда тұрғындарын өрттен шыққан қою қара түтін шошытты

видео кадры

Қою қара түтін қызылорда тұрғындарын шошытты. Облыс орталығындағы аудандардың бірінің маңында өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қою қара түтін қызылорда тұрғындарын шошытты. Облыс орталығындағы аудандардың бірінің маңында өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордалықтар оқиға орнынан түсірілген видеоны бөлісті. Куәгерлердің айтуынша, өрт қаланың батыс бөлігінде шыққан.

Реклама
Реклама

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылғы 13 маусымда сағат 11:12 шамасында Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесінің бойындағы Smart rubber ЖШС аумағында ескі дөңгелектер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт аумағы - 800 шаршы метр. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралуына жол бермеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері мен 9 техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 қызметкері және бір техника барған. Өрт сағат 14:47-де сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram