26 қаңтар 2021 | 09:23

Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі тексеру үшін комиссия құрылады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі тексеру үшін комиссия құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі тексеру үшін комиссия құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың 24 қаңтарында қайтыс болған оқушыда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Реклама
Реклама

"2010 жылы туған бала. Денесінде бөртпе пайда болып, ауырсыну болған. Басында бала үйінде емделді. Ауруханада тексерілгеннен кейін баланы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды. Коронавирусқа сынама алынды, нәтижесі теріс. Сондықтан 19 қаңтарда көпсалалы балалар ауруханасына ауыстырған. Республикалық мамандардан да кеңес алынды. Өкінішке қарай, 24 қаңтарда оқушы қайтыс болды. Негізгі себеп - жүрек, өкпе жеткіліксіздігі. Әрі қарай жұмыс істеу үшін қосымша комиссия құрамыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Сайт мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан бала Қызылордадағы Осипенко атындағы №8 мектептің 4-сынып оқушысы екен.

"Бала бірінші оқу тоқсанынан бастап онлайн-форматта қашықтан білім алған. Баланың академиялық үлгерімінде проблемалар болған жоқ. Қашықтан оқытуға байланысты баланы электронды техникамен қамтамасыз етіп, педагогтер тарапынан кері байланыс жүргізіліп отырған", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Қазіргі уақытта облыс бойынша қашықтан 89 258 оқушы (53 пайыз), дәстүрлі түрде 80 636 оқушы (47 пайыз) білім алып жатар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная