18 қазан 2019 | 09:34

Қызылордада әкесі мен баласын автобус қағып кетті

Қызылордада автобус жүргізушісі ер адам мен жасөспірімді қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада автобус жүргізушісі ер адам мен жасөспірімді қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға 17 қазанда сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысы маңында болған. 4 жасар бала көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шығып, артынан оның әкесі шыққан сәтте оларды қоғамдық көлік қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан баланың әкесі қайтыс болып, 4 жастағы бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Реклама
Реклама

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мəн-жайлары анықталып жатыр.

Департамент мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная