Қызылордада аялдамада болған жол апаты: 10 жастағы бала көз жұмды

Қызылордада аялдамада болған жол апаты: 10 жастағы бала көз жұмды © astanatv.kz

Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 2009 жылғы бала ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 2009 жылғы бала ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады. 2009 жылғы қыз бала көптеген жарақатпен ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан болатын.

Осыған дейін жол апатынан бір отбасының балалары - 9 жастағы Кәусар мен 11 жастағы Нұрисламның қаза тапқаны хабарланған еді. Балалар жол апаты болған күні қосымша сабаққа бара жатқан екен. Кәусар би мен ән сабағына барса, Нұрислам күреспен айналысқан.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, мұның алдында Қызылордада көлік жүргізушісінің аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтіргені хабарланған еді. Салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген болатын. Кейінірек олардың жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама