20 қаңтар 2022 | 13:12

Қызылордада балалар төменгі сынып оқушысын ұрып-соққан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қызылордада 3-сынып оқушылары төменгі сынып оқушысын ұрып-соққан. Оның екі тізесі жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада 3-сынып оқушылары төменгі сынып оқушысын ұрып-соққан. Оның екі тізесі жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай облыс орталығындағы жеке мектептердің бірінде болған. Дәрігерлер балаға екі аяғы жараланған деген диагноз қойды.

Әжесінің айтуынша, оқу орнының басшылығы бұл жағдайды анықтаудың орнына, полицияға арыз жазған ата-анаға наразылық білдірген. Мектеп директорымен, мұғалімдермен әңгімелескеннен кейін баланың анасы өтінішті қайтарып алған.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, бәрі қысым көрсеткесін осылай жасады. Ол болған жағдайды анықтау үшін мектепке жалғыз барды. Мен сол күні бірге бара алмадым. Мұғалімдер кінәлі ұлдармен сөйлескендерін, бұдан былай қайталанбайтынын айтқан. Қызым сеніп, солай қалдырған", - дейді Гүлназ Қалиева.

Әжесіне бұл жағдайды қабылдау қиын болған. Қазір бала үйде, жүргенде қиынсынады. Әжесінің айтуынша, психологиялық тұрғыдан да қиын.

"Мен оның неге төтеп бергенін елестете алмаймын. Ол дәретханаға сұранған. Оны 3-сыныптың екі оқушысы шақырып, спортзалға апарған. Онда апарып, тепкілеген. Ол кейін 20-ға дейін, содан кейін тағы да санап, осылай жасағандарын, келеке қылып күлгендерін айтты. Ұлдар оны ешкімге айтпасын деп қорқытқан. Егер айтса, одан да қатты ұрып-соғатындарын айтқан. Мектепте ол ақсаңдап жүрген, бірақ мұны мұғалімдердің ешқайсысы, сынып жетекшісі де байқамаған. Тек үйде қызым сұрағаннан кейін айтты. Балалар ауруханасына апарып, рентгенге түсірдік. Диагнозы - екі тізесінің жарақаты. Үйде емделеді, тізесіне зақым келмеді ме деп қорқамын. Бейбіт күнде мектеп қабырғасында не болып жатыр?", - деді әжесі.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл іс бақылауға алынғанын айтты.

"Қызылорда қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Жағдай бақылауға алынды", - деді полиция қызметкері.

Қалалық білім бөлімінде де оқиғаның мән-жайы анықталатыны айтылды.

"Бұл мәселе бақылауға алынды. Нәтижесі қосымша хабарланады", - деді қалалық білім бөлімінің қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная