25 ақпан 2020 09:13

Қызылордада бизнесмен жоғалып кетті

Тынымбай Баженов. © Видеодан алынған кадр

Қызылордада 72 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада 72 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Тынымбай Баженов 10 күн бұрын жоғалып кеткен. Таңғы сағат 5-те күнделікті серуендеуге шығып, сол күйі үйге оралмаған. Бизнесменнің туыстарының айтуынша, ол әдетте үйден телефонсыз шықпайтын. Алайда сол күні телефонын үйде қалдырып кеткен екен.

Реклама
Реклама

"Дәл сол күні телефонсыз, құжатсыз, ақшасыз шығып кетті. Полицейлер осы аумақтың барлығын қарап шықтық, әскерилермен де, кинологтармен де, еріктілермен де іздестірдік", - дейді кәсіпкердің туысы.

Олардың ойынша, Тынымбай Баженовті көлік қағып кетіп, қаланың сыртына алып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram