Қызылордада жоғалған үш жасөспірімнің екеуі табылды

Қызылордада жоғалған үш жасөспірімнің екеуі табылды Фото: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Қызылордада жоғалып кеткен үш қыздың екеуі табылды. Үшіншісін іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада жоғалып кеткен үш қыздың екеуі табылды. Үшіншісін іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордадағы "Атамекен" балалар ауылынан ескертусіз кетіп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру шарасы барысында 27 наурыз күні кешке Алматыда екі жасөспіріп табылды.

"Олар қала тұрғындарының қырағылығы, полицейлердің сауатты жұмысы және әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа жаппай хабар тарату арқасында табылды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта қыздар Алматыдағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмаған қыздың қайда екен анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қызылордадағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама