27 қазан 2020 17:05

Қызылордада карантин кезінде көкпар тартқандар ұсталды

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны карантинге қарамастан, көкпар ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны карантинге қарамастан, көкпар ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100 адам жинап, көкпар ұлттық ойынын ұйымдастырған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қызылордалықтардың карантинге қарамастан той өткізіп жатқаны белгілі болды.

24 қазанда Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны 60 адамды жинап, үйлену тойын өткізген. Ал 25 қазанда Арал ауданының тұрғыны баласының үйлену тойын жасап, 40-50 адам шақырған.

Осыған байланысты полицейлер бүкіләлемдік пандемияға байланысты қауіптің әлі сейілмегенін, сондықтан сақтық шараларын сақтау қажет екенін ескертеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram