Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен бала өлі табылды

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен бала өлі табылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қызылорда облысында кәріз құдығына құлап кеткен 2015 жылы туған бала өлі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД басасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында кәріз құдығына құлап кеткен 2015 жылы туған бала өлі табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД басасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 25 қарашада сағат 13:24-те Қызылордада болған. 8 жасар бала абайсызда орталық кәріз құдығына құлап кеткен. 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты.

"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техника, Полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техника, жедел жәрдем бригадасы, "Қызылорда су жүйесі", жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама