ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2023 | 09:46
Қызылордада мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды: екі меңгеруші жұмыстан босатылды
Қызылорда қаласындағы №217 мектеп-лицейде мектеп оқушылары арасындағы төбелестен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі екі орынбасары жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 сәуірде төбелес кезінде он бірінші сынып оқушысы параллель сыныпта оқитын балаға пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылған.
"Қызылорда қаласындағы №217 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі екі орынбасары әкімшілік қадағалауды өз деңгейінде жүргізбегені және кемшіліктерге жол бергені үшін қызметінен босатылды. Мектеп директорына қатысты қатаң шара қолданылып, лауазымына сәйкестігі мәселесі қаралады", - делінген Қызылорда қалалық Білім басқармасының хабарламасында.
Мектеп оқушысы алған пышақ жарақаты дерегі бойынша полиция қызметкерлері тергеуді бастап, сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының 13 сәуірде өтетін кеңейтілген отырысында Қызылорда қаласы мен Қазалы аудандық білім бөлімінің басшылары мен мамандарының жауапкершілігі туралы мәселе қаралатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также