11 наурыз 2022 | 20:19

Қызылордада микроавтобус жеңіл көлікпен соқтығысты: 16 адам зардап шекті

Қызылордада жолаушылар отырған микроавтобус Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жолаушылар отырған микроавтобус Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорданың Полиция басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 11 наурызда Желтоқсан және Қорқыт ата көшелерінің қиылысында болған. 

"Mercedes Benz микроавтобусы Toyota Camry-мен соқтығысты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажет сараптама тағайындалды", - дейді полиция өкілдері. 

Реклама
Реклама

Облыстық жедел жәрдем бөлімшесінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 адам зардап шеккен, оның жетеуі - бала. 

"Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің 7 бригадасы барды. Зардап шеккендер облыстық орталықтағы медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық көмек алғаннан кейін 14 адам үйіне жіберілді. Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. Ер адам облыстық көпсалалы ауруханаға, жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді", - деді жедел жәрдеv өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram