21 қараша 2019 | 17:26

Қызылордада үш адамды көлік қағып өлтірді: Жансақтау бөлімінде тағы екі адам жатыр

Видеодан алынған кадр

Дәрігерлер Қызылордада болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Қызылордада болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақовтың айтуынша, қазіргі уақытта ауруханада жол апатынан зардап шеккен екі адам жатыр. Олардың бірі - 2009 жылғы қыз, қазір ол комада жатыр.

Реклама
Реклама

"Балалар ауруханасында жатыр. Қажетті процедуралардың барлығы жүргізіліп жатыр. Жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр", - деді басқарма өкілі.

Ал екінші науқас - 1988 жылғы келіншек, 2 және 3-деңгейлі шок алған. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулық сақтау басқармасындағылар жол апатын жасаған жүргізушінің медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Еске салайық, мұның алдында Қызылордада көлік жүргізушісінің аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтіргені хабарланған еді. Салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram