28 наурыз 2021 09:57

Қызылордада үш жасөспірім жоғалып кетті

© instagram/dp_kzo

Қызылордада "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі жоғалып кетті. Олар іздестіріліп жатқанына екі тәулік өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кызылординские вести" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі жоғалып кетті. Олар іздестіріліп жатқанына екі тәулік өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кызылординские вести" басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Ділдә Нұғманова (27.08.2004 жылы туған), Любовь Нестерова (25.03.2006) және Рано Сабанқұлова (24.03.2006) 25 наурызда таңғы сағат екіде ауылдан шығып, хабарсыз кеткен.

Іnbusiness.kz ақпараты бойынша, полиция мен еріктілер көпқабатты үйлерді, коттедждерді, қараусыз қалған және құрылысы аяқталмаған ғимараттарды, ойын-сауық орталықтарын, жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеріп шыққан. Жасөспірімдерді іздеу бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Реклама
Реклама

Іздеу шарасы барысында жасөспірімдердің туыстарынан сұхбат алынып, қыздар баруы мүмкін мекемелер тексерілді. Әлеуметтік желілерде заңды өкілдері рұқсатымен жоғалған қыздардың суреті жарияланды.

Жасөспірімдерге қатысты ақпарат білетіндерден полицияның кезекші бөліміне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (7242) 29-70-10, 8 (7242) 29-75-20, 8 (7242) 29-75-02, 8 (705) 255-81-25 немесе 102.

© instagram/dp_kzo

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram