Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді видео кадры

Қызылордада үш автокөлік соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірінің басы жұлынып кеткен. Полиция кінәліні анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылордада үш автокөлік соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірінің басы жұлынып кеткен. Полиция кінәліні анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

29 наурызда әлеуметтік желілерде Қызылордада болған жантүршігерлік жол апаты туралы жазба жарияланды.

Реклама
Реклама

"2026 жылғы 13 наурызда Қызылорда қаласында Тәуелсіздік – Алисова көшелері қиылысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Сол апатта менің інім, Алматы қаласының тұрғыны, ВАЗ 2104 көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны соншалық, көлік шамамен 70 метрге дейін ұшып кеткен. Інім орындықпен бірге көліктен ұшып шығып, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, өмірге сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған", - деп жазды марқұмның әпкесі.

Сонымен қатар, жазба иесі осы апатқа қатысы бар Lexus автокөлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен келгенін алға тартады.

Қаза тапқан адамның әпкесі қазіргі уақытта күдіктінің бостандықта жүргенін айтып, істің жан-жақты әрі объективті тергелуін талап етіп отыр.

"Ең ауыр жағдай - менің інімнің 6 баласы қалды. Олардың екеуі туған емес, бірақ інім оларды қамқорлығына алып, өз баласындай тәрбиеледі", - деп жазды ол.

Полиция пікірі

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама