ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2021 | 13:04
Қызылордадағы колонияда сотталушы өзіне қол жұмсады
Қызылорда облысындағы ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) аралас күзет мекемесінде сотталушы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысындағы ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) аралас күзет мекемесінде сотталушы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға биыл 2 желтоқсанда болған.
Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және облыстық ІІД басшылығы барғаны айтылған.
"Бейнебақылау камераларының материалдары зерттеліп, басқа сотталғандармен әңгіме жүргізілді. Алғашқы тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер дерегі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Сотталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша жазасын өтеп жатқан.
"Айта кететін жайт, сотталушы мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде "суицидке бейім" ретінде тіркелген, сонымен қатар оған "Органикалық галлюциноз" диагнозы қойылған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также